"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Андреевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Андреевка отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау

01.04.2024
"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Андреевка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ"   келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

 

«Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы  білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірі № 158 Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» мемлекеттік қызмет көрсетеді.

 

«Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)»мемлекеттік қызметті онлайн алу үшін:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Мемлекеттік қызметті алу үшін  қажетті құжаттар тізбесі төмендегідей:

 

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»:

Күндізгі оқу нысанына қабылдау үшін:

  • № 063/е және № 026/е-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;
  • Көлемі 3х4 см баланың сандық фотосуреті;

Қазақстан Республикасының резиденті емес үшін:

  • Көші-қон карточкасының электрондық көшірмесі.
  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»:
  • Есептен шығару талонының электрондық көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде деректер болмаған жағдайда).
  1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»:
  • мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтаманың электронды көшірмесі.
  1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама;
  • жұмыссыз ата-анасы бар отбасылардың балалары үшін - жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін - алынған табыстары туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
  • отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы шешімі;
  • төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін-отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі. 
  1.  «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама;
  • жұмыссыз ата-анасы бар отбасылардың балалары үшін - жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін - алынған табыстары туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
  • отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы шешімі;
  • төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін-отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі. 
  • «079/е» сауықтыру лагеріне баратын оқушыға медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі.
  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»:
  • үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы электрондық көшірмесі.
  1.  «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»:
  • психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының электрондық көшірмесі.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НӘТИЖЕСІ

ПОРТАЛҒА ЖҮГІНГЕН КЕЗДЕ:

  1. "Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)" мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама не дәлелді жауаппен Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
  2. Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

МО ЖҮГІНГЕН КЕЗДЕ:

  1. Құжаттарды қабылдау туралы қолхат және оқу жылының басына орта білім беру (Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығару немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.
  2. Үйде жеке тегін оқыту туралы бұйрық.
  3. Арнаулы білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
  4. Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
  5. Жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама не осы мемлекеттік көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
  6. Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
  7. Бір орта білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыруға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін  ескере отырып қойылатын өзге де талаптар: Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондайақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

 

Просмотров: 193


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст